«Рахаттанып күле беріңіздер!»: Еркебұлан Тоқтар жеңілісінен кейін мәлімдеме жасады

Oinet.kz 30-03-2026

Қазақстандық файтер Еркебұлан Тоқтар Hype FC 28 турниріндегі жеңілісінен кейін мәлімдеме жасап, мансабында үзіліс алатынын хабарлады, деп жазады Оinet.kz.

 image.png

 Еске салайық, жекпе-жек Ереванда өтті. Жеңіл салмақта өткен кездесуде ол Қырғызстан өкілі Марсель Нурланбек уулуымен ММА қолғаптарымен жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер жеңісті бірауыздан қарсыласына берді.  

Жекпе-жектен кейін Еркебұла Тоқтар Instagram парақшасында видеоүндеу жариялап, жекпе-жегінің  көңілінен шықпағанын жасырмады. Ол жанкүйерлерінен кешірім сұрап, сын айтушыларға да жауап қатты.  Спортшының айтуынша, бұл соңғы үш жылдағы алғашқы жеңілісі. Ол жекпе-жек барысында бірқатар қателік жібергенін мойындады.  

"Құрметті жанкүйерлерім, ренжімеңіздер. Басымды төмен түсірдім. Ал хейтерлерге айтарым – күле беріңіздер. Мұндай күндер жиі бола бермейді. Соңғы рет үш жыл бұрын жеңілген едім. Осы жолы бірдеңе дұрыс болмады. Мүмкін нокаутқа тым қатты ұмтылдым, не қарсыласты жығуға асықтым. Қалай болғанда да, болған іске өкініш жоқ, енді сараптаймыз", – деді ол.  Файтердің сөзінше, алдағы уақытта жекпе-жекті қайта қарап, қорытынды жасап, біраз уақыт үзіліс алмақ.

Дзюдошы Абиба Әбужақынова сырғалым атанды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу