Президент ТМД елдеріне біріңғай виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды

Oinet.kz 11-10-2019 830

Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында "шенген" сияқты бірыңғай виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, ұлттық виза және көші-қон режимдерінде айтарлықтай айырмашылық бар. Олар ТМД-дағы бірнеше елге бірден барғысы келетін шетелдік туристер үшін қолайсыздық туғызуда. Мен бұл өте қиын екенін түсінемін, дегенмен ТМД аумағында шенген келісімі тәрізді "достастық визасы" деген шартты атаумен бірыңғай режим енгізу мәселесін қарауды ойлану керек шығар", - деп ұсынды Тоқаев.   

Президенттің айтуынша, мұндай виза достастық елдеріндегі туризмнің дамуына ықпал етеді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президентімен кездесті
Асқар Мамин шейхтарға Қызыл кітапқа енген дуадақтарды аулауға рұқсат берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу