Қасым-Жомарт Тоқаев Түркіменстан президентімен кездесті

Oinet.kz 11-10-2019 874

image.png

Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сенім мен ашықтыққа құрылған саяси түсіністік жоғары. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесу барысында айтылды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан президенті түрікмен көшбасшысына қонақжайлылығы үшін ризашылығын білдіріп, оның қазақ-түрікмен қарым-қатынасына қосқан үлесіне тоқталды.

"Киелі түрікмен жеріне табаным тиген алғашқы сәттерден бастап маған көрсеткен құрметіңізге ризамын. Өзінің әсемдігімен көз тартатын Ашхабад қаласына тағы келгеніме қуаныштымын. Менімен бірге үлкен делегация келді. Біздің көптеген перспективалы жобаларымыз бар. Елдеріміз арасындағы әріптестік өте жоғары деңгейде дамып келеді деп ойлаймын. Бұл тұрғыда Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен өзіңіздің үлестеріңіз зор",– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесудің күн тәртібіндегі аймақтағы жағдай, әртүрлі халықаралық формат шеңберіндегі өзара іс-қимылдар секілді ауқымды мәселелер талқылады.

Атаулы әлеуметтік көмекке 36,9 млрд теңге бөлінбек
Президент ТМД елдеріне біріңғай виза енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу