Қазақстанда электронды медициналық паспорт іске қосылды

Oinet.kz 15-10-2019 1015

Картинки по запросу Электронды медициналық паспорт

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев медициналық құжаттаманы қағазсыз цифрлық жүйеге көшіру аясында денсаулық сақтау ұйымдарында пациент туралы ақпаратты жинау, сақтау және алмасу үшін электронды паспортты енгізілгенін айтты, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Электронды денсаулық паспортының негізгі мақсаты - медицина саласындағы бүкіл мәліметті жинақтау, талқылау және ары қарай қандай шешім қабылдау керектігіне көмектесу. Еліміздегі азаматтар емхана немесе медициналық ұйымдарға барған кезде бұл мәліметтер электронды денсаулық паспортына жазылады. Осылайша сіз Электронды үкімет порталы немесе мобильді қосымша арқылы қай емханаға тіркелгеніңізді, сізді қай дәрігер емдейтінін, тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бағдарламасы аясында қандай дәріні тегін алатыныңызды, сондай-ақ мемлекет тарапынан көрсетілетін басқа да медициналық қызмет түрі туралы біле аласыз»,- дейді Олжас Әбішев. 

Вице-министр цифрландырудың арқасында медицина саласындағы заңбұзушылықтар анықталғанын айтты. 

«Өткен жылы біз 100 мың адамға тегін дәрі-дәрмек берілгені тіралы СМС-хабарлама жіберіп, 8 мың адамнан тегін дәрі-дәрмек алмағаны туралы жауап алдық. Осындай алаяқтық әрекеттер цифрландыру арқылы анықталды», - дейді ол.

Әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақы үшін бюджеттен 25,1 миллиард теңге бөлінді
Алтай Көлгінов мемлекеттік бағдарламамен жастарға берілетін тұрғын үйлермен танысты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу