Елбасы: «Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді»

Oinet.kz 18-10-2019 1214

Картинки по запросу Нұр Отан

Nur Otan партиясының Мәжіліс пен мәслихаттағы жұмысына Нұрсұлтан Назарбаев  баға берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Нұр-Сұлтанда Елбасының төрағалығымен және үкімет мүшелерінің, Nur Otan партиясы өкілдерінің қатысуымен отырыс өтті.

"Зерттеу нәтижесі Nur Otan партиясы депутаттарының бұқаралық ақпарат құралдарын жеткілікті қолданбайтынын көрсетті. Сондай-ақ, Nur Otan партиясы халықты мазалайтын мәселелерге аса араласа бермейді. Соңғы бірнеше айда партия мүшелері атышулы бірде-бір жағдайға қатысты өз пікірін білдірмеді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Елбасы жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Назарбаев Nur Otan партиясына саяси белсенділікті сақтау маңызды екенін айтып өтті.

Қазақстанда жанармай бағасы қымбаттайды
Нұрлан Нығматулин: «Елбасы қойған барлық міндеттер жүзеге асырылады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу