Түркістандық 50-ге тарта спортшы әлем чемпионатында бақ сынайды

Oinet.kz 23-10-2019 1138

Шардаралық 50-ге тарта спортшы Румынияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады

Қазан айының 26-сы мен қараша айының 4-і аралығында Румынияда өтетін әлем чемпионатына түркістандық 50-ге жуық спортшы спортшылары қатысады, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Армрестлингтен XXXXII-ші әлем біріншілігінде Қазақстан Республикасы құрама сапының мүшесі «Шардара Армспорт» спорт клубынан жас-жеткіншектер, жасөспірімдер,жастар, ересектер және мүмкіндігі жасөспірімдер,жастар, ересектер және мүмкіндігі шектеулі жандар қол күрестіреді.

Атап айтар болсақ, жас жеткіншектер арасында 8 спортшы қатыстырылмақ. Ал, жас-жеткіншек қыздар арасында Назира Зиядулла, Жұлдыз Нарзан және Арай Мәліктер жарыс жолына шығады. Жасөспірім ұлдар арасында 8 спортшы күштерін сынап көрсе, қыздар арасында 5 қыз мықтылықтарын танытпақ. Жастар арасында Нұрмахан Ердаулет, Нұргелді Бақдаулет, Сарыбай Ердаулет, Көшкенбек Нұрдаулет, Қаржау Есболат сынды жігіттер қол күрестіреді. 

Ал, қыздар арасында Лаззат Мәлікайдар мен Құралай Абдулла жолдама алды. Ересектер арасында 10 және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 2 спортшы ел намысын қорғайтын болады.

Бейбіт Атамқұлов: «Халықаралық авиамаршруттар саны 99-ға жетті»
Аудан әкімдері жазаға тартылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу