Таразда Ұлттық ұланның сарбазы асулы күйінде табылды

Oinet.kz 29-10-2019 1224

Картинки по запросу асылып қалды

55/13 әскери бөлімінде үйіне қайтуға екі ай қалған сарбаз Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге асылып тұрған жерінен табылды. Ақтөбелік жауынгердің үйіне оралуына небәрі екі ай қалған екен, деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

«Оқиға тексеріліп жатыр. Мән-жайды анықтайтын боламыз. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады»,- деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов. 

«Денесінде бірде-бір соққының ізі жоқ», - деген әскерилер Болат Батырханның үздік сарбаз болғандығын айтады. Оның суреті мақтаулы жауангерлердің қатарынан түспеген. 

Аталмыш әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай тіркелген. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып, көз жұмған болатын.

Бурабай курорттық аймағын дамыту қолға алынды
Президент: «Алматы білім, ғылым, мәдениет және іскерлік орталығы ретінде дамып келеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу