Ең кәрі королева

Oinet.kz 20-06-2017 799

Screenshot_4.jpg

Ұлыбританияның королевасы Елизавета екінші 1926 жылдың 21 сәуірінде дүниеге келген. Бірақ королеваның туған күні ресми түрде маусым айында тойланады. 

Бұған дейін қалыптасқан дәстүр бойынша Елизаветаның туған күні маусымның екінші сенбісінде атап өтілетін. Бірақ биыл бұл дәстүр Лондондағы алапат өртке байланысты бір аптаға шегеріліп, Елизавета 91 жасын 17 маусымда атап өтті. 

Королеваның туған күніне орай Лондонда әскери парад ұйымдастырылды.  Мыңдаған британдықтар көшеге шығып, королеваны туған күнімен құттықтады. 

Елизавета ІІ таққа 1952 жылы әкесі Георг VІ қайтыс болғаннан кейін  отырды. Бұл кезде оның жасы 25-те болатын. Ол Ұлыбританияның тарихында тақта ең көп отырған монарх болып есептеледі. Елизавета қазіргі уақытта әлемдегі ең кәрі монарх саналады. 2015 жылға дейін бұл «атақты» Сауд Арбиясының королі Абдалла ибн Абдул-Азиз иеленіп келген болатын. 

Қай президенттің қанша әйелі бар?
Зорлық-зомбылыққа қатысты жаңа заң жобасы таныстырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу