Халықаралық турнирде қазақстандық спортшылар 4 алтын алды

Oinet.kz 28-11-2019 1077

Беларусь астанасы Минскте Олимпиада чемпионы Сергей Копляковтың жүлдесі үшін жүзуден халықаралық турнир басталды, деп хабарлайды Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ

Жүзуден халықаралық жарыста қазақстандықтар төрт алтынға қол жеткізді

Жарысқа Беларусь, Ресей, Польша, Германия және Қазақстаннан жалпы есебі 720 спортшы қатысуда.

Жарыстың алғашқы күнінде қазақстандық спортшылар төрт алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алды. 

Қорлан Әмірханова (50 метрге еркін әдіспен жүзу), София Әбубәкірова (200 метрге брасс әдісімен жүзу), Айбек Қамзенов (200 метрге брасс әдісімен жүзу) және Ксения Игнатовалар (400 метрге еркін әдіспен жүзу) алтын жүлдегер атанды. 

100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Алина Костенко мен Диана Тасмановалар тиісінше екінші және үшінші орын иеленді. 

50 метрге еркін әдіспен жүзуден Михаил Царев күміс жүлде иеленсе, Қаракөз Диниэль қолаға қол жеткізді.

Жарыс әлі екі күнге созылады.  

Елімізде тұңғыш рет роботтандырылған ота жасалды
Жеңіс Қасымбек Қарағандыдағы биліктің жұмысын сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу