Қазақстандағы ең ықпалды бизнесмен

Oinet.kz 28-10-2017 789

«Forbes Kazakhstan» журналы елдегі ең ықпалды деген 50 бизнесменнің есімдерін жария етті.  Рейтингтің жасаушылардың айтуынша, үздік елу 90 бизнесменнің арасынан іріктеліп алынған көрінеді. Іріктеуде бизнесмендердің қоғамдағы салмағы, танымалдылығы және демеушілік іс-шаралары назарға алыныпты. 

Айта кетері, мұндай рейтинг бірнеше жылдан бері жасалып келеді. Соңғы бес жылда тізімнің басын белгілі миллиардер Болат Өтемұратов бермей келген екен. Биыл Өтемұратов төмендеп, оның орнын президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаев иеленді. Жалпы бір кездері президенттің іс басқарушысы, көмекшісі, кейінгі кезде штаттан тыс кеңесшісі  сияқты лауазымды қызметтерді атқарған Болат Өтемұратовтың ықпалының төмендегені байқалады. Өтемұратов елдің назарынан да тыс қалып барады. Соңғы мәрте оның бір жиында  президентпен селфи жасағысы келгені, алайда Елбасының оның бұл әрекетін жақтырмай қолын қағып жібергені есте қалыпты.  

Screenshot_3.jpg

Тимур Құлыбаев бұл атақты тұңғыш иеленіп отырған жоқ. Ол 2011 жылы да Қазақстанның  ең ықпалды елу бизнесменінің көшін бастаған болатын. Forbes Kazakhstan журналының тұжырымы бойынша оның байлығы 2,2 миллиард долларды құрайды. 

Тимур Құлыбаевтың президенттің туған күйеу баласы, Елбасының ортаншы қызы Динараның жұбайы екендігі белгілі. Ол Динара Құлыбаевамен бірге «АЛМЭКС» холдингтік тобы» АҚ-ның, «Кипрос» ЖШС-інің иегері. Ол сонымен бірге Сингапурда тіркелген «Steppe Capital Pte Ltd» холдингтік компаниясының акционері. Тимур Құлыбаев сондай-ақ, 2011 жылдан бері ресейлік «Газпромның» тәуелсміз директоры қызметін атқарады. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жетекшілік етеді. Қазақстандағы бокс федерациясының президенті, Ұлттық олимпиада комитетінің президенті және Азия олимпиада комитетінің вице-президенті. 

Депутатпын деп Шералы Қаныбеков білгенін істей беруі керек пе?
Мәслихат депутаттығына талас қызғалы тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу