Әлия Назарбаеваға әкесінің құрметіне аталған қызғалдақтар тарту етілді (фото)

Oinet.kz 27-04-2019 693

Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры қамқоршылық кеңесінің төрайымы Әлия Назарбаева Алматыда қоршаған ортаны қорғау бойынша жобаларын таныстыру үшін ТМД елдерінен келген жас экологтармен кездесті деп хабарлайды Sputniknews.kz.

Screenshot_24.jpg

Халықаралық форумға жиналған жас экологтар Әлия Назарбаеваға өте әдемі қызғалдақтар гүлшоғын тарту еткен.

Қызғалдақтың дәл осы сорты "Президент Назарбаев" деп аталады. Голландиялық селекционер өсірген әсем гүлдер 2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаевқа таныстырылды.

Screenshot_25.jpg

Ал 2018 жылы "Президент Назарбаев" және "Қазақстан" қызғалдақтары Алматы қаласындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағы мен Тұңғыш Президент саябағына отырғызылды.

«Мұрагер» жобасы: Иманғали Тасмағамбетов
Қытай басшысы Қазақстанның экс-президенті Назарбаевты құшақтады (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу