Бүгін Тоқаев бірнеше адамды жаңа қызметке тағайындады

Oinet.kz 21-12-2019 1743

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшілерін тағайындады. Президент сәйкес жарлықтарға бүгін қол қойды деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Screenshot_37.jpg

Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;

Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды", - делінген ресми құжат мәтінінде.

«Мұрагер» жобасы. Қайрат Қожамжаров
Елордада бірнеше қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу