Сыртқы істер министрлігі Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне түсінік берді

Oinet.kz 14-01-2020 749

d3d62a1b7cce1b1bb4b2db6a52dd2e4e.jpg

Сыртқы істер министрлігі Қытайда өмірлік бас бостандығынан айыру жазасына кесілген қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбайдың адвокаттары сот шешіміне апелляция беру мәселесін қарастырып жатқанын мәлім етті.

-Өздеріңіз де білетіндей, таяуда Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бойы бас бостандығынан айыру үкімі өзгеріссіз қалды. Қазіргі уақытта оның адвокаттары «соттың бұл шешіміне қайтадан апелляция беру керек пе» деген мәселені қарастырып жатыр, - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

 Еске сала кетейік, 21 жастағы қазақ қызы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылдың наурыз айында Қытайдың Малайзиямен шекарасында есірткімен ұсталған болатын. Оның жүк сөмкесінен 4,5 келі есірткі табылды, Ақжарқын ол туралы білмейтінін мәлімдеген. Осы іс бойынша Қытайдың Гуанчжоу соты Ақжарқын Тұрлыбайды есірткі контрабандасымен айыптап, өмір бойына бас бостандығынан айырды. 2016 жылы 7 сәуірде апелляциялық сатыдағы сот Ақжарқын Тұрлыбайды өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын өзгерту және істі бірінші сатыдағы соттың қарауына жіберу туралы қаулы еткен болатын. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Сонымен бірге, 27 желтоқсанда Гуанчжоу сотында Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат


Әблязовтың сыбайласы Александр Удовенко АҚШ-та ұсталды
Шөкеевтің қашан есеп беретіні белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу