Мамин кетіп, оның орнына Бозымбаев келді

Oinet.kz 16-01-2020 1406


 5804216.jpg

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі қызметіне келген Қанат Бозымбаев Үкіметтің қаулысымен «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесінің мүшелігіне кірді. Бозымбаев кеңестің құрамындағы премьер-минстр Асқар Маминді алмастырды. Қаулыға сәйкес Мамин мен президенттің тағы бір көмекшісі Тимур Сүлейменов кеңес мүшелігінен шығып қалды.

ҚазТАГ құпия дерекөздеріне сүйене отырып жақын арада Бозымбаевтың «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның басшылығына келуі мүмкін деген болжам жасапты.

Қазіргі уақытта аталған қордың басқарма төрағасы қызметін Ахметжан Есімовтың атқаратыны белгілі.

Қос президентке қызмет етіп келген Қасымов жаңа лауазым алды
Әкімдердің жаппай демалысқа кетуі сайлаумен байланысты ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу