Қазақстанда арақ өндірісі төмендеді

Елімізде өткен жылдың 12 айы бойынша алкоголь өнімдерін шығару төмендеген. 2018 жылға қарағанда арақ өнімі 34,3% төмендеп 19,5 млн литрді құраған, ликер-32,7%, коньяк - 13,2% дейін төмендеген. Бұл туралы energyprom.kz хабарлады.

Screenshot_9.jpg

Алайда жеңіл алкоголь сусындар өндірісі артқан. Мәселен сыра өндірісі - 10,9% артып, 663,6 млн литрді құраса,  вино өндірісі - 14,3% жоғарылап 49,9 млн литрге жеткен. 

Мұның барлығы Қазақстан халқының жеңіл алкоголь өніміне көшіп жатқанын байқатады, сондай-ақ күші жоғары алкоголь өнімін шығаратындар көлеңкелі нарыққа кетіп жатуы да мүмкін. 

БҰҰ-ның дерегінше халқы ішімдіктен көп өлетін елдердің рейтингінде Қазақстан 10-шы орында тұр. 

Өткен жылдың өзінде тек Алматы бойынша 6 мыңнан аса адам ішімдіктен уланған, оның 2 мыңдайы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Өліммен аяқталған 23 жағдай тіркелген.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жол-патрульдік полициясының бір күні... Капитан толғақ қысқан келіншекке қалай көмектесті?
  • Дархан Кәлетаев Қазақстанның Украинадағы елшісі болып тағайындалды
  • Қарумен бірге қашып кеткен сержанттың ауылдастары әскери жайлы бар шындықты айтты
  • Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы әшкереленді: 40 адам зардап шекті
  • Тоқаев Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика