Тоқаев дүнген баланың видеосына жауап берді

Oinet.kz 09-02-2020 2098

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дұңған баланың жолдаған видеосына жауап берді, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

«Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету», - деп жазды Қазақстан Президенті Twitter желісінде.

Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. 

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Оқиға салдарынан 8 адам қаза тапты. Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді.

Қордайдағы тәртіпсіздікке қатысушылар шекарадан өтіп, Қырғызстандағы ауруханаға жеткізілген
Мұғалімдер, имамдар шығып, әкім келді: Масанчидегі оқиғаның мән-жайы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу