Қордайдағы қақтығыс. Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті

Oinet.kz 09-02-2020 1048

7 ақпандағы Жамбыл облысы, Қордай ауданындағы жаппай төбелестен қаза тапқандардың саны онға жетті. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди айтты.

Қордайдағы төбеліс.jpeg

Қаза тапқандардың саны 10-ға жетті.  39 адам ауруханада жатыр. Зардап шеккендердің ішінде 5 полицей бар. Үшеуіне оқ тиген. Бірақ полиция қызметкерлері ешқандай қару қолданған жоқ, - дейді Алексей Калайчиди ОКҚ-да өткен баспасөз мәжілісінде.

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, 8 адам оқиға орнында қайтыс болған. Екеуі жансақтау бөлімінде жан тапсырған.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы қақтығысқа жол беріп, тәртіп сақтамағандар жазаланатынын айтқан болатын.

Қордайдағы төбелесте жиені қайтыс болған дүнген азаматы өз пікірін білдірді
Назарбаева Қордайдағы қақтығыста қайтыс болған жандардың жақындарына көңіл айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу