Берік Әбдіғалиұлы: «Өзге ұлтқа қашанда құшағымыз ашық»

Oinet.kz 11-02-2020 1507

Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Қордай ауданында болған жағдайға байланысты өз пікірін білдірді, деп жазады Oinet.kz порталына сілтеме берген Вaq.kz-ке сілтеме беріп.

Берік Әбдіғалиұлы.jpg

Қордайдағы жағдай, қоғамдағы түрлі талқыға түскен тағдырлар ешкімді бей-жай қалдырмағаны анық. Бірнеше адам шығыны болды. Қаза бар жерде жаза да болары анық. Оны құзырлы орындар тергеп, тексере жатар. Менің айтпағым мемлекет құраушы ұлт – қазақ халқының қақы жайында. Иә мемлекет құраушы ұлт қазақ халқы екеніне ешкімнің дауы жоқ. Бірақ біз мемлекет құраушы ұлт ретінде біріктіруші ұлтқа айнала алдық па деген сауал мені жиі мазалайды - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуына қарағанда, осы тұрғыдан алғанда ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуді, салт-дәстүрімізге сай өмір сүріп, дініміз бен тілімізді берік ұстануда, өкінішке орай, ешкімге үлгі бола алмаймыз. 

Қазақ "Өзіңді – өзің жаттай күт, жат бойынан түңілсін" дейді. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқын құрметтесін десек, бірінші кезекте өзімізді өзіміз сыйлап, басқаға сыйлата білуіміз керек. Ерегіспен жүріп енші алу біздің қанымызда жоқ қасиет. Елдің береке-бірлікте күн кешіп, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуына мемлекет құраушы ұлт ретінде бірінші кезекте қазақ халқы жауапты. Ал өзге ұлт өкілдері дәстүрімізді дәріптеп, тіліміз бен дінімізді сыйлап, заңымызды құрметтеп, мемлекеттік тілді меңгеріп, жаттығын сездірмесе, біздің де оларға қашанда құшағымыз ашық. Тәуелсіз елімізде, өз жерімізде бірлігімізбен қазақтың төңірегінде біріккен бір ел болып, өнегемізбен өзгені бауырымызға баса білейік - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Премьер-министр Сапарбаевты орнында қалдыратын болды
Қордайдағы қақтығыс. Қырғызстанға өтіп кеткен 8 мың адам елге оралды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу