Қазақстан мен Оңтүстік Корея ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Oinet.kz 12-02-2020 932

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев бастаған қазақстандық делегация Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың 10-шы отырысына қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz порталы baq.kz-ке сілтеме беріп.

Корея.jpg

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ оқыңыз:

Ақберен Елгезек Елбасы жобасына қарсы шыққаны ма?

Корей делегациясын Сыртқы істер министрінің орынбасары Ким Гон басқарды. Отырыс аясында екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, соның ішінде инвестиция мен жаңа технологияларды тарту, өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Кездесу соңында тараптар өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейін растай отырып, алдағы уақытта да екіжақты және көпжақты деңгейлердегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға келісті.

Ералы Тоғжанов ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
Шымкентте көктем. Алғашқы қызғалдақтар бүр жара бастады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу