«Жаңа бастама» жобасына 170 млн теңге бөлінді

Oinet.kz 12-02-2020 741

Елімізде Волонтерлар жылы аясында қолға алынған "Жаңа бастама" жобасына мемлекеттік бюджеттен 170 миллион теңге бөлінеді, деп хабарлайды Oinet.kz порталы baq.kz-ке сілтеме беріп.

Бұл туралы "Біргеміз" фронт-офисінің ашылу салтанатында ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Тоқаев.jpeg

"Жаңа бастама" деп аталатын жаңа жобаға назар аударғым келеді. Мемлекет бұл жобаға 170 миллион теңге бөлді. Бұл дегеніңіз 170 әлеуметтік жоба бір миллион теңгеден ала алады деген сөз. Олар бұл ақшаны айлық ретінде емес, волонтерлар үшін ыстық тағам, жолақысын төлеуге, керекті жабдық алуға жұмсалады, - деді министр.

Сонымен қатар, Үкімет мүшесі Qazvolontuer сайтына 16 мың студент тіркелгенін атап өтті. Алдағы уақытта волонтерлықтың дамуы үшін заңнамаға да өзгерістер енгізу жоспарланған. Тағы министр жыл соңына үздік болған волонтер арнайы халықаралық сыйлықпен марапатталатынын атап өтті.

Qazvolontuer сайтын көрдіңіздер. Осының барлығын сол сайт біріктіреді. Қазір 16 мың студент тіркелген. Осы жылы сол көрсеткішті екі есе ұлғайтамыз. Сонымен қатар, жыл нәтижесі бойынша заңнамалық өзгерістер әзірлейміз. Сондай-ақ осы жылы халықаралық сыйлық беріледі. Осы жылы волонтерлардың саны артады деген сенімдемін. Мыңдаған көмекші волонтерлыққа көмектеседі, мың жетекші ауыр жағдайда қалған балаларға көмектесетін болады. Сонымен қатар, ауылда жоғары сыныпта оқитын 14 мың оқушыны ағылшын тіліне, ҰБТ-ға дайындалуға көмектесеміз. 7 мыңнан астам адамға көмектесеміз. 1,1 миллион волонтер осы қызметке жұмылдырылады. Біз жастар арасында волонтерлықтан отбасылық, ұжымдық волонтерлыққа бағытталуымыз керек. Халқымызда "Жақсылық жүрген жерде таршылық жүрмейді" деген жақсы сөз бар. Сондықтан осы игі бастамалар волонтерлардың мәртебесін жаңа деңгейге көтереді деп сенеміз, - деді Дәурен Абаев.

Дәурен Абаев осыған дейін волонтерлар үшін 17 аймақта фронт-офис ашылатынын айтты. Бүгін Тоқаев волонтерлардың BIRGEMIZ офисін ашатыны туралы да жаздық.

Сара Назарбаева жаңа жасты еңсерді
Мұрат Әбенов: «Бізде бірліктің аты ғана бар»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу