Коронавирус: 1500-ден астам адам қайтыс болды

Oinet.kz 15-02-2020 1632

Қытайда коронавирустың құрбандарының саны 1523-ке жетіп, 66 492 адам жұқтырды. Бұл туралы 15 ақпанда ҚХР гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Baq.kz  порталына сілтеме жасап.

602x338_cmsv2_eb17782e-d8df-5d3b-9ecc-7964e89869aa-4493996.jpg

Сонымен бірге, коронавирусты емдеген адамдардың саны 8096 адамды құрады.

Мемлекеттік денсаулық сақтау комитетіне 31 провинциядан (аудандардан, орталық бағыныстағы қалалардан) 66 492 адамның вирус жұқтырғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оның ішінде 56 873 адам қазір ауырып жатыр (1153 адам ауыр халде) , 8096 адам ауруханалардан шығарылды, 1523 адам қайтыс болды, – делінген сенбі күнгі хабарламада.

Өткен тәулік ішінде Қытайда 143 адам қайтыс болып, 2,6 мың жаңа ауру анықталды.

Сонымен қатар, Гонконгта инфекцияның 56 жағдайы анықталды (олардың біреуі қайтыс болды), Макаода он адам, Тайваньда 18 адам жұқтырды.

Қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауымен науқастармен тығыз байланыста болған 169 мыңнан астам адам бар.

Жапонияда коронавирус тараған лайнерден төрт қазақстандық шыға алмай отыр
Қазақстан халқының саны 18 млн 630 мыңнан асты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу