Қытайлықтар жабайы аңдарды қорек етуді доғарар емес

Oinet.kz 17-02-2020 2062

Аспан асты елінің азаматтары тыйым салынғанына қарамастан жабайы жыртқыш аңдарды сатып алуды әлі де доғармай отыр. Ресми мәліметтерге сүйенсек Қытай полициясы жыртқыш аңдарды аулаған, сатқан және қорек еткен 700 адамды қамауға алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

1579775692_943f40aac2af3bdcfc6288464c70.png

Полицейлер 40 шақты тіршілік иесін тәркілеген, оларды медициналық мақсатта жемек болған не пайдалануды көздеген. Жыртқыш аңдарды сатушылар, уақытша шектеу алып тасталғаннан кейін қайтадан оралмақ екенін жеткізген. 

Ғалымдар адамдардың жабайы жыртқыш етін жеу арқылы коронавирус таралғанын болжап отыр. Инфекция жұқтырғандардың алғашқыларынан Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алған жабайы жыртқыш етін жегені анықталған болатын. Ол базарда жарқанат, жылан, циветта және басқа да қосмекенділер сатылатын болған. 

Қаңтарда Қытай осындай базарларды уақытша жапты. Мұндай жабайы жыртқыш етін қоректену адам денсаулығына және халықтың қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін екенін ескертті. 

Соңғы мәліметтер бойынша, әлем бойынша 71 326 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған, қаза тапқандар саны 1775-ге жетті. 

Елімізде онлайн режимде митинг өткізу ұсынылды
Асхат Аймағамбетов: «Мектеп мұғалімдерінің айлығынан ЖОО оқытушылардың жалақысы аз»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу