Елімізде онлайн режимде митинг өткізу ұсынылды

Oinet.kz 17-02-2020 1083

Қоғам белсенділері елімізде бейбіт митингілерді онлайн режимде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

reg-ul1.jpg

"Өздеріңіз білесіздер, бізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан, осы заңда (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы) әлеуметтік желілер тенденциясының жүзеге асқанын қалаймын. Мұнда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізуге болады. Сөйтіп, кез келген адам онлайн-митингілер арқылы өз пікірлерін білдіре алады", - деді Болат Жұматаев. 

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсыныс назарға алынатынын жеткізді. 

"Бұл керемет идея. Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият зерттейміз. Мұнда шынымен логика бар. Мұны қарастыруға болады. Бірақ ғаламтордағы митингілер, сауалнамалар "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Егер бәрі онлайн режимінде болса, онда неге болмасқа", - деді Дәурен Абаев. 

Айта кетейік, Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтық белсенділермен кездесуі өтіп жатыр. Онда бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралуда.

Қытайда арнайы қаруланған топ дәретхана қағазын ұрлаған
Қытайлықтар жабайы аңдарды қорек етуді доғарар емес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу