Қытайда арнайы қаруланған топ дәретхана қағазын ұрлаған

Oinet.kz 17-02-2020 974

Қытай елінің Гонконг ауданында коронавирус эпидемиясы салдарынан туындаған қажеттілік тауарларының жетіспеушілігіне байланысты даурығу аясында қарулы топ 600 орам әжетхана қағазын ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

pic_f108f5decf55f579b7cd765fc0405fbc.jpg

Осыған дейін БАҚ өкілдері гонконгтықтар коронавирусқа байланысты негізгі тауарлардың жетіспеушілігі туралы қауесетке байланысты жаппай ет, күріш, жайма, әжетхана қағазын, сабын және басқа да осы тектес тауарларды сатып алып жатқанын хабарлаған. 

Бетперде киген үш адам дүйсенбіде таңғы алтыда Гонконг дүкендерінің бірінің алдынан жеткізушіден 50 қаптама әжетхана қағазын ұрлаған. Полиция мәліметінше, қаскөйлердің бірінде пышақ болған. Залал мөлшері - 130 доллар (1 мың гонконг доллары).  

Жексенбіде Гонконг тұтынушылар кеңесінің бас директоры жергілікті тұрғындарға әжетхана қағазын жаппай сатып алып үйде сақтауға болмайтынын ескерткен, өйткені ауа райының ылғалдылығына байланысты ұзақ сақталған қағаз суланып, артынша көгеріп кетеді екен. Оның айтуынша, осы тауарды өндіруш ірі компаниялар тауар жетіспеушілігі болмайтынын айтқан. 

2019-nCoV коронавирусынан (ресми атауы - COVID-19) пайда болған белгісіз пневмонияның өршуі туралы Қытай билігі 2019 жылдың 31 желтоқсанында жариялады. Коронавирус ошағы Ухан қаласында (Хубей провинциясы) орналасқан. Ауру тез таралады. ДДСҰ бұл індетті халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп таныды. Бірқатар сарапшы вирус әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін деп болжап отыр.

NASA ұйымы «Ғарыштың шегін» көрсетті
Елімізде онлайн режимде митинг өткізу ұсынылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу