«Сенің қолыңда не ақша, не билік жоқ, не істей аласың маған?!»: Бекболат Тілеухан

Oinet.kz 02-09-2022

Бекболаттың өзім шығардым деп орындап жүрген "Елім менің" әні жайлы Құрманғалиевтің немересі, өнер ғылымының кандидаты Меруерт САНАТҚЫЗЫ былай дейді:

Screenshot_5.jpg

"Бекболатпен консерваторияда бірге оқыдық. Біздің үйге емін-еркін кіріп, атамның архивін ақтарып жүретін. Бірақ біз оның арам ойы бар екенін білмедік. Ол сол кезде әннің нотасын ұрлап алып кеткен екен. Кейін жұбайым екеуміз атамның мерейтойына орай оның архивін қарап отырғанда, осы әнге кезіктік. Жұбайым дереу: "Ой, мынау таныс ән ғой" - деді. Қарасақ, бүгінде Бекболат орындап жүрген "Елім менің" деген ән. Тура айна-қатесіз. Бұл әнді Ғарифолла атам ертеде шығарып, орындап, бірақ халыққа таратуға мүмкіншілігі болмаса керек.

Осыдан кейін Бекболатқа бардық. Ол бізді тыңдамақ түгілі, тіпті маңайына жолатар емес. Әрі-беріден соң, мен сені танымаймын деп салды маған. Тіпті болмағасын: "Сенің қолыңда не ақша, не билік жоқ, не істей аласың маған?!" - деп турасына көшті.

Бір кезде өз-өзінен дұға оқып, сендерді қарғысқа ұшыратам деп, маған: "Көзіме қара, көзіме қара!" - деп айғайлай бастады. Осы сөзді жұбайыма да айтып еді, ол: "Мен сенің көзіңе қарайтын әйел емеспін, басымды ауыртпа" - деді. 

Осыдан соң біз оны сотқа беріп едік, сот арызымызды қабылдамады, себебі ол сол кезде парламент депутаты еді. 

Тіпті болмағасын мен қайта Бекболатқа барып: "Сен өзің бізді сотқа берші өтірік жала жапты деп, сот сосын ақ-қарасын айырсын" - деп едім, ол ат-тонын ала қашты. Енді тағы да сотқа бердік, бірақ ол шет елде жүр", - дейді Меруерт Санатқызы.

Айжұма Ақдәулет facebook парақшасынан

«Еркек болған соң қызғанады»: Балжан Бидаш сахнаға оралу туралы ойын айтты
«Ашық-шашық киініп жүрген қыздан бас тартпа»: Байырбекова ұлына келіні қандай болу керегін айтты


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×