«Еркек болған соң қызғанады»: Балжан Бидаш сахнаға оралу туралы ойын айтты

Oinet.kz 31-08-2022 1279

КешYou тобының экс-әншісі Балжан Бидаш тұрмысқа шыққалы өнер жолынан қол үзіп қалды. Әншінің өзі шоу, той-бизнеске құлшына араласқанын жолдасы қаламайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_6.jpg

Instagram оқырмандарының бірі Балжаннан сахнаға оралу жайында сұрады. Бидаш бұл сұраққа жауап беруге қиналатынын жеткізді.

"Қиын сұрақ. Уақыт көрсетеді. Сүйікті жар болғаннан кейін, шешімді өзің таңдап кете алмайсың. Өмір бойы бірге өмір сүргің келіп таңдаған адамның да ойын тыңдайсың.  Графикпен жүретін карьера қуалағым келмейді. Алла берген талантты тұншықтырмасам болды. Өмірде басқа да маңызды нәрселер бар. Қолымнан келіп тұрған соң, бір жетістікке жеткім келеді. Халық тыңдайтын жасы әндерім болып, анда-санда үлкен сахнада сіздермен қауышып тұрғым келеді. А былай үйде болмай, той-гастроль, анда мұнда ұшып жүруді қаламаймын. Әйел болған соң, миссиямыз бар емес пе? Өзімді басқа отбасылы әнші қыздармен салыстырмаймын. Әр адамның жолы әртүрлі", - деп түсіндірді ол.

Ал сахнаға шығуына қарсылық білдіріп жүрген Отарғалиевтің мінезін Бидаш былай деп түсіндірді:

"Қатал. Әр адамның ойлағаны болады. Ол айтады - жасайды! Еркек болған соң қызғанады. Сыйлауға тұрарлық жан. Айтпақшы Жаханның ең жақсы қасиеті - жомарттық, ақ көңіл мінезі, кек сақтамайды. Мұны жанында жүргендер өте жақсы біледі".

Screenshot_7.jpg

Сәкен Майғазиев жан-жарының туған күніне ерекше тосын сый жасады (видео)
«Сенің қолыңда не ақша, не билік жоқ, не істей аласың маған?!»: Бекболат Тілеухан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу