Жамбылға Сапарбаевтың ең сенімді кадрі келе жатыр

Oinet.kz 17-02-2020 807


1553608629_article_b.png

Ержан Жылқыбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі. Ресми ақпаратта экс-вице-министр басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылды делінген. Е.Жылқыбаев жуық арада Жамбыл облысына келуі мүмкін. Өйткені ол аталған облысқа жуырда ғана әкім болып тағайындалған Бердібек Сапарбаевпен көптен бірге жұмыс істеген, оның ең сенімді кадрі саналады.   

Ержан Жылқыбаев 1982 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданының Леңгір қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Экономика департаментінің бас маманы болып бастаған. 2006 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрі Кеңсесінің бас сарапшысы болып тағайындалған.

2007 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бөлім басшысы болып еңбек еткен. 2009-2011 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары. 2011-2012 жылдары - Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2012-2015 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы.

2015-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аймақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі лауазымын атқарған.

Былтыр наурызда ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалған болатын.  


Генерал-майор Нұржан Мұқанов бақилық болды
«Мұны қазақтар жасаған жоқ»: Дүнген қауымдастығының төрағасы Қордай оқиғасы жайлы сөз қозғады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу