Украина мемлекеті Уханьдағы азаматтарын Алматы арқылы эвакуациялайды

Oinet.kz 19-02-2020 989

Киев-Алматы-Ухань-Алматы-Киев. Украина мемлекеті Уханьдағы азаматтарын Қазақстан арқылы тасымалдайтын болды, деп хабарлайды «Хабар 24» порталына сілтеме берген Oinet.kz

Украина.jpg

Уханьда Украинаның 84 азаматы бар, олардың 49-ы елге қайтуға ниет білдірген екен. 

Алайда арнайы бортқа дене температурасы қалыпты, дені сау адам ғана жіберілмек. Жиырмасыншы ақпан күні Киевке Ухань қаласынан үкімет жоспары бойынша, 49 Украина және өзге елдің де, атап айтқанда: Ресей, Беларусь, Нидерланд және Аргентинаның 25 азаматы жеткізілмек. Алайда борт алдында жолаушылардың дене температурасы жіті тексеріледі. 

37,2 градустан асқан адам арнайы бортқа жіберілмейді деп отыр Украина ішкі істер министрлігі. Қауіпті дерттің қандай дабір белгісі байқалған адам Украина емес, Уханьдағы жергілікті емханаға жөнелтілмек.

Сапарбаев: «Мешіттерде қандай уағыз айтылып жатқанын бақылау керек»
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Қытайға нені экспорттау керектігін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу