Германияда атыс болып, 8 адам қаза тапты

Oinet.kz 20-02-2020 893

20 ақпан күні түнде Германияның Ханау қаласында белгісіз біреулер кальян ғимаратына шабуыл жасаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасаған Oinet.kz.

Германия.jpg

Алдын-ала болжам бойынша, оқыс оқиғадан 8 адам қайтыс болған деп жазады РИА Новости. Бұндай ақпаратты оқиға орын алған Гессен федерал

Сондай-ақ, қылмыскердің бір адам болуы мүмкін екені де айтылды.

Life-тың мәліметінше, кальян ғимаратындағы атысқа қатысы болуы мүмкін күдікті ұсталған. Германия ақпарат құралдарының жазуынша, қаскөй екі адам болуы мүмкін.

Соңғы мәліметтерге сәйкес оқыс оқиғадан 8 адам қаза тауып, 5 адам ауыр жараланған.

Полиция қайғылы оқиғаға қатысты әзірге нақты мәліметтер жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, қылмыскерлердің бұндай әрекетке не себепті барғаны да жұмбақ.

Hanauer Anzeiger басылымы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап жазуынша, қайтыс болғандардың арасында бір әйел адам бар.

Сондай-ақ, атыстың Курт-Шумахер-Плацта орын алғаны анықталып жатыр. Басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, шабуыл кальян ғимараты мен букмекерлік кеңсеге жасалған.

Қабылдауда Асқар Мамин Елбасыға не туралы айтты?
Қытай дәрігерлері коронавирусқа қарсы тұратын препаратты атады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу