Бадамда сарбаз 30 автомат, 27 тапанша ұрлап, қашып кеткен

Oinet.kz 20-02-2020 1462


8a5d7729-beb6-48bc-a738-7fd5197d7649.jpg

Түркістан облысы Бадам елді мекенінедегі 10216 әскери бөлімінде әкери борышын өтеп жүрген сарбаз қоймадан 30 автомат, 27 тапаншаны ұрлап, белгісіз жаққа қашып кеткен. Мұндай ақпарат бүгін таңертең «WhatsApp» жүйесі арқылы таратылуда. 

Жалпы бұл ақпаратты мессенджер жүйесіне кімнің салғаны белгісіз. Бірақ оның растығы күмән туғызбайтын сияқты. 

 Аталған жүйеде жарияланған құжатқа қарағанда,  19 ақпан күні түнгі сағат 11-лердің шамасында  10216 әскери бөлімнің кіші сержанты, кезекшінің көмекшісі А. Б. кезекші аға лейтенаттың демалып жатқаны пайдаланып оның қалтасынан қару жарақ сақтайтын бөлменің кілтін алған.  Осыдан кейін ол дабыл қондырғысын өшіріп, бөлмеден  30 дана Калашников автоматын, 27 дана Макаров тапаншасын және аталған қаруларға арналған оқтарды  алған. Кілтті қайтадан  кезекшінің қалтасына салып қойған ол қару-жарақтармен бірге белгісіз бағытқа кетіп қалған.  Бұл туралы бөлімдегілерге таңертеңгі сағат 7-де белгілі болған. 

Қазіргі уақытта  аталған әскери бөлімде осыған қатысты тексеру амалдары жүріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, Шымкент пен Бадам арасындағы жолды полицейлер мен әскерилер күзетуге көшкен. Тіпті кейбіреулер шұғыл-іздестіру шараларына тікұшақтың да қатыстырылып жатқанын айтуда. 

Ал әзірге осыған қатысты ресми органдар ешқандай ақпарат таратқан жоқ.  


Қазақстан жас ғалымдарын қаржыландыруға 9 млрд теңге бөлінеді
Білім және ғылым министрлігі «Астана» университетін сотқа берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу