Елжан Біртанов Зайсанға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 20-02-2020 956

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов шу шыққан Зайсандағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме берген Oinet.kz.

Елжан Біртанов Зайсандағы ахуалға қатысты пікір білдірді

«Пойыз арқылы ауыр жүк көлігі әлі тоқтатылмаған. Оны қалай тоқтатамыз? Ол күнделікті жүріп жатқан тауарлар. Оның арасында елімізге келіп жатқан транзиттік тауарлар да бар. Сол көліктер арқылы шекараны кесіп өткен жүргізушілері Шығыс Қазақстандағы Бақты және Майқапшағай бекеті арқылы келеді. Одан бөлек теміржол арқылы өтетін пунктер бар. Біз күнделікті мониторинг жасаймыз. Біздің санитарлық дәрігер сол жерде тұрады. Тепловизорлар бізде бар. Резервтен алынған ақша бойынша қосымша тепловизор алуға қазір тырысып жатырмыз», - деді Елжан Біртанов елордада өткен баспасөз мәслихатында. Министрдің айтуына қарағанда, шекарадан өткен барлық жүргізушіге бақылау жүргізу керек. «Мысалы біздің ақпарат бойынша Қытайда бизнеспен, саудамен айналысатын бірнеше Қазақстан азаматы бар. Олар елге қайтуы керек. Оларға біз мүмкіндік беруіміз керек. Әрине тәуекелдер бар. Қауіпсіздікке байланысты келгеннен кейін олар бақылауға алынуы тиіс», - деді ол. 

Елжан Біртанов Зайсанда «Қытай азаматтары келіп жатыр» деген жалған ақпарат тарап кеткенін айтып өтті. 

«Ол әрине, дұрыс емес. Өткен тәулік бойынша мәселен Майқапшағайдан ешкім өткен жоқ. Күнделікті көп болса Шығыс Қазақстан бойынша 10-15 адам өтеді. Олардың бәрі – біздің азаматтар. Алматы облысы бойынша 20-30 адам өтеді. Әлбетте олар елге келгеннен кейін ары қарай инфекцияны тарату қаупін болдырмау үшін алдын алуымыз қажет. Соған байланысты сол жерде арнайы карантиндік станция ашуымыз керек. Сондай бұйрығымыз болған. Азаматтар түсінбеген. Сол ауылдың амбулаториясына жатқызады деп... Шешім бойынша біздің арнайы стационар – Зайсан ауданының орталық ауруханасындағы арнайы бөлек инфекциялық ауруға арналған корпусқа жатқызылатын болады. Болса әрине (...)», - деді ол. 

Министр сонымен қатар Шығыс Қазақстанда инвестициялық жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан Қытай азаматтары барын жасырмады. 

«Құпия жоқ. Олардың арасында да жақында Қытайдан келген азаматтар да бар. Олар біздің бақылауымызда. Тіркелген ауру адамдар жоқ. Олардың денсаулығы дұрыс болса ары қарай жұмыс істеуге мүмкіндік беруіміз керек. Себебі олардың келісімшарттар бойынша өз жауапкершіліктері бар», - деді ол.

Қазақстан бойынша 159 мың теңгеге жалғыз үміткер отбасы
Коронавирус құрбандарының саны 2144-ке жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу