Иран Қытайға қарай ұшатын ұшақ рейстерін тоқтатты

Oinet.kz 21-02-2020 782

Иран елі Қытайға қарай ұшатын барлық рейстерін тоқтатты. Иранның Азаматтық авиация ұйымының өкілі Реза Джафарзаде коронавирустың таралуына жол бермеу үшін Аспан асты еліне және кері қарай ұшатын барлық жолаушылар рейсінің тоқтатылғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

big_a747ffa99e2e70efffd85d3b2efe0d88.jpg

- «Қытайға ұшатын жолаушылар рейстері тоқтатылды, бірақ жүк рейстері коронавирустың таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында болады», - деді ол. 

Иран мен Қытай арасындағы тікелей рейстер 31 қаңтарда коронавирустың таралуына байланысты уақытша тоқтатылды. 

Еске сала кетейік, Иранның Денсаулық сақтау министрлігі ирандық Кумда коронавирустан екі адам ажал құшқанын хабарлаған болатын. Бейсенбі күні елдің Денсаулық сақтау министрлігі Иранда коронавирус жұқтырған жаңа үш жағдай туралы хабарлады. Осылайша ауру жұқтырғандар саны бес адамға жетті. Сондай-ақ Кум қаласының билігі екі адамның қаза табуына байланысты сол шаһардағы мектептер мен университеттерді жабу туралы шешім қабылдады.

Коронавирус құрбандарының саны 2144-ке жетті
Ақмола облысында қайғыла жағдай орын алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу