Қазақстандық әйел коронавирустан қайтыс болды

Oinet.kz 26-03-2020 1568

Коронавирустан бірінші қазақстандық қайтыс болды, - деп хабарлайды Oinet.kz сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

photo_65234.jpeg

«Құрметті отандастар, бұл шұғыл брифинг. Өкінішке қарай, Қазақстан азаматы коронавирустан қайтыс болды. Жақындары мен туыстарына шын көңілден қайғырып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қаза, барлығымыз ауыр қайғыдамыз. Ертең Нұр-Сұлтан қалалық Денсаулық сақтау басқармасы медициналық мәліметтерді қосып, толық мәлімет береді. Бұл жағдай коронавирустың қаупін тағы да ескертіп отыр. Қазір болып жатқанның бәрі барлығымызға сын», - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Хабар 24" арнасының эфирінде.

Бұл - коронавирустың жаңа түрінен Қазақстанда тіркелген алғашқы өлім. 

Алик Шпекбаев отставкіге арыз жаза ма?
Қарағанды қаласында тағы екі адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу