Қоғамдық көлік қозғалысы қашан жанданады?

Oinet.kz 28-04-2020 1125

Саяжайларына баратын адамдарға өзінің жеке көлігімен жетуге тура келеді. Оларға қонақ шақырып, отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады. Қоғамдық көлік қозғалысы карантин аяқталғанға дейін жанданбайды. Бұл туралы астаналық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

4504595e1ef83ee08.jpg

"Вирус жұқтыру қаупі жойылмағандықтан, кинотеатр, сауда ойын-сауық орталықтары, мейрамхана, дәмханалар мен адам көп шоғырланатын жерлер ашылмайды. Соңғылары онлайн тапсырыс бойынша қызмет көрсетуді жалғастырады. Қоғамдық көлік қозғалысы да карантин аяқталғанға дейін жанданбайды", - деді әкімдік.

Әкімдіктің баспасөз қызметі саяжайға баратын тұрғындар өз көлігімен жетуі тиіс екенін жеткізді. Алайда оларға саяжайға қонақ шақырып, отырыс ұйымдастыруға тыйым салынады. 

«Коронавирустан өлгендердің санын әдейі көбейтеді»: Министрлік жауабы
КХДР басшысының денсаулығы туралы тағы бір хабар тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу