Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар баспанамен қамтылады – Тоқаев

Oinet.kz 09-05-2020 1071

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Oinet.kz сайты sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

13900597.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан зардап шеккен барлық тұрғын баспанамен қамтамасыз етіліп, біржолғы өтемақы алатынын айтты.

Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ол сондай-ақ су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін хабарлады.

Қазақстанның оңтүстігіндегі су тасқыны

1 мамырда Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті бұзылды. Төтенше жағдай салдарынан 4 адам көз жұмып, біреуі із-түзсіз жоғалып кетті.

2 мамырда су Қазақстанға жетіп, Түркістан облысының көршілес Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді басып қалды.

Өңірде техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. 31 мыңнан астам тұрғын эвакуацияланды.

Өтемұратов Усмановтан озып, Мақтааралға 6 млн доллар көмек берді
Тоқаев ертең мәлімдеме жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу