Ауруханаға түскен Біртановтың міндеттерін кімдер атқаратыны белгілі болды

Oinet.kz 15-06-2020 2837

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруханаға түскен Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың міндеттерін кім атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_12.jpg

"Қазақстан Lенсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша үш вице-министр: Олжас Әбішев, Людмила Бюрабекова және Ләззат Ақтаева атқаратын болады. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының кестесіне сәйкес, үш вице-министр Елжан Біртанов толық сауыққанға дейін күн сайын Денсаулық сақтау министрінің міндетін кезекпен атқаратын болады", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Айта кетейік, 14 маусымда Біртанов коронавирусты жұқтырғаны туралы хабарланған болатын. Симптомдардың пайда болуына байланысты министр инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Сенатор креслосымен қош айтысатын 17 депутат кімдер екені белгілі болды
Бостандыққа шыққан Бишімбаевтың немен айналысып жүргені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу