Ауыз суға бөлінген ақша қайда кетіп жатыр?

Oinet.kz 30-10-2020 1149

Ауыз су саласына мемлекет жүз миллиардттаған қаржыларды бөліп жатыр. Алайда  діттеген мақсатқа әлі жете қойған жоқпыз. Бұл туралы Oinet.kz тілшісі хабарлайды.

Ауыз су.jpg

Осы аптада премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру мәселесі қаралды.  Осы жиында айтылған статистикалық мәліметтерге қарағанда,  бүгінгі таңда орталықтандырылған сумен жабдықтау қалаларда – 97,2 пайызды, ауылдарда – 86,4 пайызды құрайды. 100 пайыз  орталықтандырылған сумен жабдықтау Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Атырау облыстарында, ауылдар бойынша Алматы (98,8 пайыз), Атырау (98,4 пайыз)  және Қызылорда (97,2 пайыз)  облыстарында  қамтамасыз етіледі. Төмен көрсеткіштер Қостанай (61,1 пайыз), Жамбыл (72,6 пайыз) және Павлодар (73,3 пайыз) облыстарында байқалады. 

-Халықты таза ауыз сумен жабдықтау мәселесі Үкіметтің стратегиялық міндеті және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек, – деді А. Мамин. Үкімет басшысы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындысы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етілетінін атап өтті. 

Қазақстанда алғашқы «Ауыз су» бағдарламасы 2001 жылы қабылданған болатын. Сол кезде Қазақстанда қалалық жерде орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етудің көрсеткіші 75 пайызды құраған екен. Жиырма жылда оның көлемі  22 пайызға өскен. Бұл аз ба, көп пе? 2025 жыл да алыс емес. Аталған мерзімде 100 пайыздың ауылына жетеміз бе, жоқ па?   

Бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек
Ресей жаңа зымырандарын Қазақстанда сынақтан өткізді (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу