Шешенстан «өсекпен күрес» науқанын бастады

Oinet.kz 19-03-2019 884

Screenshot_1.jpg

Солтүстік Кавказдағы шағын республиканың басшылығы елді өсектен арылтқысы келеді. Әсіресе, Шешенстан билігі ел тұрғындарын өсек айтпайтын үлгілі халыққа айналдырғылары келеді. 

Үкіметке қарасты жастар комитеті өткен аптада жұртшылықты республикадағы сыбыр-күбір әңгімені жоятын компанияға қосылуға үндеді. Кампанияның аты - "Өсексіз өлке". Бұл бастама жария болысымен көлік иелері "тек жүрсең, тоқ жүресің" деген мазмұндағы түрлі жазулар тағып көшеге шыға бастады. Ұрандардың ішінде "Аузыңды жауып жүр, алысқа барасың", "Аузыңды ас ішу үшін ғана аш", "Құдай өсекке қарсы" деген сияқтылары да бар.  Ұйымдастырушылар мұндай жарнаманы такси мен автобустарға жапсыру арқылы таратамыз деп үміттенеді.

Кейбір ақпарат құралдарының жазуынша, Шешенстанның президенті Рамзан Қадыров өзі туралы көбейіп кеткен анекдоттарды құрту үшін осындай іс-шара ұйымдастыруға пәрмен берген. Оның өзіне ұнамай қалған министрлерін сабап та алатыны туралы әзілдер ел ішіне кең тараған. Бірақ шенеуніктер үшін әзірше "Өсексіз өлке" кампаниясының нәтижесі көңіл көншітерлік болып тұрған жоқ.

Грозныйдың тұрғындары Солтүстік Кавказда өсекке қарсы комания күшейген сайын ел басшылары туралы алып-қашты әңгімелердің жиілей түскенін айтуда.

Мұрағаттан, 03.05.2012ж

«Оңтүстік» кланы ықпалынан айырыла бастады ма?
Енді жасы кіші студент жасы үлкен студентке сәлем беруі керек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу