Тоқаев халықты Тұңғыш Президент күнімен құттықтаған жоқ

Oinet.kz 02-12-2020 1472

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен халықты құттықтаған жоқ деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Тоқаев пен Назарбаев.jpg

1 желтоқсан - күнтізбеде қызыл түспен боялып, халық жаппай демалатын мемлекеттік мәртебесі бар мерекеге айналғанына көп бола қойған жоқ. Яғни Қазақстандағы ең "жас" мереке. Осы күні қуанышқа бөленген шенеуніктер халықты аталған мерекемен құттықтап, мәре-сәре болып жатады. Кеше Премьер-министр Асқар Мамин:

"Қымбатты қазақстандықтар, сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын! Қазақстанның экономикасы қуатты тәуелсіз ел болып қалыптасуы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс аясында Қазақстанның ұлттық экономикасы тұрақтылықтың жоғары деңгейін көрсетіп отыр. Оған Тәуелсіздік жылдары Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың тиімді жүзеге асырылуы негіз болды. Елбасы мұрындық болған Қазақстанның стратегиялық даму бағыты экономикамыздың бұдан кейінгі тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, халқымыздың өмір сүру сапасын арттыратынына сенімдімін. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, табыс, татулық пен игілік тілеймін!" – деп ізгі тілегін білдірді.

Бұл тілекке Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев та қосылып, Қазақ еліне жүрекжарды лебізін Фейсбук парақшасы арқылы білдірді. 

Тоқаевтың твиттері.jpg

Тоқаевтың Твиттерінен скрин

Дегенмен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Инстаграмда да, Твиттер парақшасында да қазақстандықтарды бұл мерекемен құттықтаған жоқ. Тоқаев соңғы рет 30 қарашада "Балалар Евровидениесі-2020" ән байқауына қатысып 2 орын алған Қарақат Башанованы құттықтаған. Ал Тұңғыш Президент күнімен соңғы рет өткен жылы 1 желтоқсанда құттықтапты.  

Назарбаев: Нұр-Сұлтан деген атты мен ұсынған жоқпын
«Тегін дәріні 140 мыңға сатып жатыр» Қатерлі ісікке шалдыққан әйел көмек сұрауда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу