Қырғызстанда тағы президент сайлауы өтеді

Oinet.kz 14-01-2021 880

OINET.KZ - Өткен жексенбіде Қырғызстанда президент сайлауы өтті. Алдын ала жарияланған қорытындыларға қарағанда, бұл додада күткендегідей,  бұрынғы премьер,  отставкіге кеткен Жээнбековтен кейін Президенттің міндетін атқаруға кіріскен Садыр Жапаров жеңіске жетті. 

Қырғызстан Президенті.jpg

Жапаровты Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтап, оны Қазақстанға ресми іс-сапармен келуге шақырды. Жапаров шақыруды қабыл алып, алғашқы президенттік сапарын Қазақстаннан бастайтынын мәлім етті. 

  Алдағы айларда Қырғызстанда тағы бір президент сайлауы өтуі тиіс. Елдің бұрынғы премьер-министрі Феликс Куловтың айтуынша, Қырғызстанда жаңа Конституция қабылданады. Ал жаңа Конституция жаңа президент сайлауын өткізуді талап етеді.

– Жаңа президент сайлауын өткізуден басқа ешқандай амал жоқ. Өйткені жаңа Конституция бойынша Президент мемлекеттік басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы болып саналады. Қазір бізде Президент үкіметтің жұмысына араласа алмайды. Жаңа Конституция қабылданған соң Президенттің өкілеттігі автоматты түрде кеңейтіледі. Мұндай жағдайда ол қайта сайлануы тиіс, –дейді Феликс Кулов. 

Жаңа Констиуцияның жобасы бойынша Парламент, яғни Жоғарғы Кеңес депутаттарының жартысы бір мандатпен, жартысы партиялық тізіммен сайланады. Мандаттардың саны 92-ге азайтылады. 

– Бізде мамырда Парламент сайлауы өтеді. Бұдан кейін президент сайлауын өткізуіміз қажет. Ал бұл екеуінің алдында жаңа Конституцияның жобасына байланысты референдум болады, – дейді Феликус Кулов. Дегенмен ол Жаңа Конституцияны референдумнан тыс, депутаттар арқылы қабылдануы мүмкін екенін де айтып отыр.. 

Келесі президент сайлауында тағы да  Жапаров жеңіске жетеді деген сенім бар. Бәрі де Жапаровтың өзіне, дәлірегі сайлау кезінде берген уәделердің қаншалықты орындалғанына байланысты. 

Жапаров елде  қайта-қайта бас көтеріп, елдің әбден берекесін кетірген митингілерден құтылуы керек. Кадрларды конкурстық негізде тағайындауға қол жеткізуі тиіс. Тез арада реформа жөніндегі комитет құрып, оның құрамына нағыз мамандарды тартуы қажет. Бұл бинзнесмендер мен инвесторларға кең жол ашады. 

Жапаровқа дейінгі президенттер де елге көп уәде берген. Алайда сол уәделердің көпшілігі орындалмай қалды. Қырғызстанның бұрынғы Президенті Алмазбек Атамбаев бұл сайлауға айыпталушы ретінде түрмеде дауыс берді. Ол ешқандай кандидатты белгілемей, жәшікке бос бюллетен тастаған көрінеді. 

ОБСЕ оң бағалаған жоқ
Су жаңа премьер-министр - Асқар Мамин!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу