Назарбаевтың ұсынысымен Нығматулин Мәжіліс төрағасы болды

Oinet.kz 15-01-2021 1306

Тұңғыш президент, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен  Нұрлан Нығматулин жетінші шақырылымдағы Мәжілістің төрағасы болып сайланды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Заң бойынша Мәжіліс төрағасының кандидатурасын  алғашқы отырыста депутаттардың өздері ұсынады. Мәжілістің алғашқы отырысында сөз алған депутат Дархан Мыңбай кешегі күні «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі фракциясының отырысында  Нығматулиннің кандидатурасын партия төрағасы Н.Назарбаевтың ұсынғанын мәлім етті. Сондай-ақ, Нығмсатудлиннің кандидатурасын Ассамблеядан сайланған депутат Сауытбек Әбдірахманов және басқалар қолдап сөйледі. 

Дауыс беру кезінде Нығматулин бірауыздан Мәжіліс төрағасы болып сайланды.

Қайрат Балабиев мәслихат хатшысы болды
Нұрлан Нығматулиннің қос орынбасары бірауыздан сайланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу