Мәди Ахметов ең бірінші кезекте халықтың қандай мәселесін көтеретінін айтты

Oinet.kz 19-01-2021 3339

Мәжілістің ең жас депутаты Мәди Ахметов "Азат алаң" бағдарламасына берген сұхбатында бірінші кезекте қандай мәселелерді шешуге тырысатынын айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Мәди Ахметов.jpg

Жас депутат 5 мәселені көтеруді жоспарлап отырғанын айтты.

1. Мамандарды даярлауды басты назарға қою. Қазір қос дипломмен жұмыс таба алмай жүрген жастар жетіп-артылады. 

2. Жаңа жұмыс орындарын ашу. Даярланған мамандарға қолайлы жағдай жасау.

3. Жас отбасыларға қолдау көрсету және тұрғын-үй мәселесін шешіп беру. 

4. "Дипломмен ауылға" секілді жас мамандарға арналған бағдарламаларды қолайлы етіп, бюрократиялық тетіктерді алып тастап, іс жүзінде жүзеге асатындай етіп жағдай жасау, заңнамалық тұрғыдан. 

5. Қазіргі қоғамда тренд болып жатқан азаматтық белсенділік, волонтерлік секілді дүниелерді заңнамалық тұрғыда толықтай жүзеге асырыду қолдау. Оның ішінде жас ғалымдарды қолдау, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жағдай жасау, өз кәсібін ашатындарды қолдау, т.б, - деп жауап берді Мәди Ахметов.

Еңбек министрі Нұрымбетовтың орнын орынбасары басты
Қайрат Құдайберген қаржы пирамидаларына рұқсат беретін органдарды жазалауды сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу