Шәріпбек Жамалбекұлы: Мақтааралдың әкімі ауызсуға бөлінген 600 миллион теңгені алмай, кері қайтарды

Oinet.kz 23-03-2019 1320

Screenshot_8.jpg

--Елбасының облысымыздағы сапары кезінде Үдемелі--индустриалық даму бағдарламасы негізінде «Азия Керамик» ЖШС жаңадан  іске қосылған.  Оған қаншама қаржы бөлінген. Алайда ашылған кәсіпорын көп ұзамай жұмыс істеуін тоқтатқанын көпшілікпен бірге мен мен де естідім. Анық-қанығына үңілдім. Сөйтсем жел сөз емес жөн сөз екен. Ол кәсіпорын  дәл қазір де  тоқтап тұр. Мендегі мәлімет бойынша бұл өндіріс орны шығаратын өнімге қажетті бірқатар шикізаттарды Украинадан тасымалдауы тиіс еді. Солармен кезінде келісім-шарт толыққанды түзілмеген. Сол шикіліктің салдарынан жұмыстарын жүргізе алмай отыр. 

  Елбасының ерекше назарындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік дәлізіне қатысты да проблемалар бар. Бұл алып құрылысқа кілең шетелдік компаниялар тартылған. Олардың көпшілігі жол құрылысына қажетті материалдарды қай жерден алуы керектігін анықтап алмағандықтан, біріншіден, жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырса, екіншіден, заңға қайшы әрекеттерге баруда. 

 «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы  Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:

           «Құрылыс саласында кемшілік азаймай отыр»

   - Шәріпбек Жамалбекұлы, соңғы жылдары әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізуге қаржы бөлу күрт артқанымен, сан қуып  сапасы тым төмендеп кеткені ащы ақиқатқа айналды. Осы  олқылықтарды түзеу, ең бастысы  келеңсіздіктердің алдын алу, болдырмау мақсатындағы  партияның бақылау жүйесінің қам-қаракеті қандай? 

- Елбасы тапсырмасына сәйкес бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану, жүргізілген құрылыстың сапасын қадағалау  үшін Партиялық бақылау комитеті құрылған болатын. Бүгінде Алматы, Астана қалалары мен Шығыс Қазақстан, Алматы  және Оңтүстік Қазақстан облыстарында Партиялық бақылау комиссиялары арнайы штаттық негізде, жалақы алып жұмыс істейді. Өйткені, бұл аймақтардың аумағы үлкен, әрі құрылысқа бөлініп жатқан қаражат қомақты, құрылыс қарқыны да жоғары. Өзге өңірлерде мұндай комиссия қоғамдық негізде қызмет атқарады. Партиялық бақылау бекеттері біздің облыста үш жыл бұрын құрылып, қазіргі кезде  олардың саны 530-дан асты. Алғашқы жылдары комиссия төрағалығына, мүшелігіне өзінің тұрғылықты жерінде беделі бар, сөзі өтімді, көпшілікке ортақ нысанға жанашырлықпен қарайтын партия мүшелері қабылданса, биылдан бастап комиссия төрағалығының жауапкершілігі жергілікті халық қалаулыларына жүктеліп отыр. Олар, біріншіден, өзі сайланған округтағы барлық проблеманы, халықтың мұң-мұқтажын жақсы біледі. Екіншіден, жүргізіліп жатқан құрылыс нысанына  қатысты кездескен кемшіліктерді, туындаған мәселелерді билік өкілдеріне уақтылы, әрі нақты жеткізіп отыруға деген мүмкіндіктері жоғары. 

   Қазір жаңа нысандарға қаржы да жеткілікті бөлініп жатыр, құрылысшы да көп. Екімыңыншы жылдарға дейін облыстың бюджеті 70 миллиард теңгені құраса, бүгінде бұл көрсеткіш  360 миллиард теңгеге көбейгені көп жайтты аңғартпай ма?  Тек тендерге бөлінетін қаржының өзі биыл 140 миллиард теңгеге жетіпті. Оның 40 миллиард теңгесі бір ғана медицина саласына тиесілі. Ауыз суға өткен жылы 17 миллиард теңге бөлінсе, үстіміздегі жылы 19 миллиард теңге игерілуі тиіс. Қаржы жеткілікті, алайда, құрылыс сапасы жағынан кемшілік азаймауы өкінішті-ақ. 

- Құрылыс саласында кеткен кемшіліктерді әшкерелейтін нақты мәліметтерге тоқталсаңыз...

- Алдымен ауыз суға қатысты келеңсіздіктерге тоқталып өтейін. Тарих қойнауына тапсырылған өткен жылы облысымызда «Ауыз су жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы жылы облыс аумағындағы 70 елді мекенге су жүйесін жүргізу жоспарланса, оған алдыңғы жылдан көшпелі ретінде өткен 40 нысанды қосыңыз. Сонда бір жылдың өзінде 111 елді мекеннің халқы таза сумен қамтылды деген сөз. Алайда, бір жылдың ішінде осыншама халық шын мәнісінде ауыз су азабынан біржолата құтылып, рахатын көріп отыр ма? Статистика мен шынайы көріністің арасында айырма бар ма? Міне, осы жағын ашып айтайық.

             «Қыруар ақша құжат жүзінде игерілген, ал ішетін ауыз су жоқ»

--Күлбілтелелпей құрғақ сөз бен нақты тірліктің аражігін ашып айтайық дегеніңіз дұрыс-ақ. Сенім артқан сайлаушыларының үмітін ақтап әрдайым еңсесін тік ұстайтын, елдің сөзін айтатын, пікірін еркін айта алатын облыстық мәслихаттағы санаулы депутаттардың бірі ретінде ауыз судың азабын тартқан аудандардың, ауылдардың атын атап, түсін түстеп берсеңіз.      --

Алайда, ауыз су құбыры 11 көшеге тартылмаған. Себебі, тапсырыс беруші аудандық құрылыс бөлімі бұл көшелерді жобаға толық енгізбеген. Су құбыры жүргізілген абонеттердің өзіне тіршілік нәрі кестеге сәйкес  уақытпен берілуде. Өйткені, жер асты суының дебеті аз, гидрогеологиялық зерттеулер ескі картамен жасалған. Ал Теріскей ауылында әлі күнге дейін мүлдем су ақпайды. 

     Созақ ауылдық су құбырының құрылысына 22,5 шақырым су құбырын жүргізу үшін 76,1 миллион теңге қаржы бөлінгенімен, ауылдағы 30 көшенің 14-іне ғана құбыр тартылған. Құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілуіне байланысты құбырлар су қысымына шыдамай, жарылуы салдарынан ол ауыл бүгінге дейін ауыз сусыз отыр. Жерасты қазылған ұңғыма құдықтан сумен бірге құм араласып шығып жатыр. Су жинағыш қоймалардың жартысына дейін құм толып қалған. 

     Қаратау ауылдық су құбырына қатысты келеңсіздіктер де өте көп. Жеке үйлердің көпшілігіне су құбырлары тартылмаған. Жер асты су деңгейінің төмен болуынан әлеуметтік нысандарға ғана су беріледі. Халық су іше алмай отыр. Ал Тасты-Шу топтасқан су құбыры арқылы берілген су ішуге жарамсыз. Амал жоқ, жергілікті тұрғындар ауыз суды 25 шақырым қашықтықтан тасып ішуге мәжбүр. 

  Ордабасы ауданының Шұбар, Береке елді мекендерінде жүргізілген ауыз су құбырының да сапасы сын көтермейді. Кемшіліктер су жүйесін толық іске қосқаннан кейінгі тексеру барысында анықталған. 

    Отырар ауданының орталығы Шәуілдір елді   мекенінде  660 миллион теңгеге 64 шақырым жерге ауыз су жүйесін жүргізу үшін қаржы бөлінген. Құрылысты жүргізген мердігер компания қаржыны толық игергенімен, 54 шақырымға ғана су жүйесін тартқан. Ең сорақысы, шәуілдірліктер сол құбыр жүйесі жүрген жердің өзінен ауыз  су іше алмай әлі күнге дейін азап арқалап келеді. Әрбір үйдің ауласындағы құбырдан сарқырап ағуы  тиіс ауыз су шын мәнінде тамшылап та тұрған жоқ. 

      --Көктемде облыстық мәслихаттың сесиясында Төле би, Түлкібас аудандарына бөлінген бюджеттің қомақты қаржысын олардан кері қайтарып алып, оны Сарыағашқа, Мақтаралға бері мәселесі біршама дауға ұласқанын «Рейтинг» газеті жан-жақты жазған еді. Осы дау-дамайдың ақыры немен аяқталды? 

Биылғы жылдың сәуір айында өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Төле би ауданынан 1 миллиард 100 мың теңге, Түлкібас ауданынан 500 миллион теңге көлеміндегі бюджеттің қаржысын  кері қайтарып алып, оны Сарыағаш, Мақтарал аудандарының мұқтаждығына жұмсау жөнінде шешім қабылданды. Өкінішке қарай, Мақтарал ауданы сол қаржыны толық игере алмай, 600 миллион теңгені кері қайтаруға мәжбүр болды. Аудан әкімі «алдымен судың қанша жерден, қанша көлемде шығатынын анықтап алуым керек, сонан кейін ғана қаржы сұраймын» дейді. Бір жағы ол да дұрыс, алайда, кеш айтылып отыр. Сол қаржы Төле би мен Түлкібас аудандарының еншісінде қала бергенде олар бұл соманы толығымен игеріп біткен болар еді. Бұған кім кінәлі деген сауал туындаған уақытта жауапты басқармалардың барлығы «білмейміз» деп иық қағып шыға келді. Сонда бұл жерде кім ұтып, кім ұтылып отыр? Оны оқырмандардың өздері ажыратып алар. Ал менің айтпағым, ауыз су жүйесін жүргізу үшін ең алдымен, яғни жобалық-сметалық құжаттарды дайындамас бұрын облыс бойынша барлық аудандарда су қай деңгейде екенін толық анықтап алуымыз керек. Бұл шаруамен «Қазгиодезиа», «Казнедро» деген мекемелер айналысады. Олар жобалық-сметалық құжат әзірленген уақытта ескірген мәліметтерді берумен шектеледі. Соның салдарынан көптеген елді мекендерде ауыз су тиісті көлемде шықпай жатыр. Мұндай келеңсіз оқиға Мақтарал, Сарыағаш, Ордабасы, Созақ, Бәйдібек, Отырар аудандарының көптеген елді мекендерінде кездесті. Бұл біздің облысқа ғана емес, бүкіл республикаға тән, ортақ проблема. Сол себепті бұл мәселемен Үкіметтің шұғылданғаны жөн секілді. Олай етпейінше осы келеңсіздіктің қайталанғаны қайталанған.

  «Денсаулық саласындағы келеңсіздіктердің кесірі қарапайым халыққа тиіп жатыр»

- Шәріпбек Жамалбекұлы, Сіз қалай ойлайсыз, мемлекеттік сатып алу конкурстарының  уақтылы өткізілмеуі былық-шылықтың бастауы емес пе? 

- Бұл пікіріңізбен толық қосыламын. Айталық, облыстың биылғы бюджеті өткен жылдың желтоқсан айында бекітілді. Бекітілгеннен кейін барлық басқарма, департаменттерге өздерінің ұсыныстарына, сұраныстарына қарай қаржы бөлінді. Демек, мемлекеттік сатып алуды жыл басындағы екі-үш айдың көлемінде неге өткізіп жібермеске?! Ал біздегі тендер тым кеш ойналады. Оның үстіне заңсыздықтарға да жиі жол беріледі. Мен екі-ақ салаға тоқталып өтейін. Мәселен, денсаулық сақтау саласын алайық. Үстіміздегі жылдың 26- мамыр күнгі «Егемен Қазақстан» газетінде осы салада орын алған дау туралы көлемді мақала жарық көрді. Құқымызды шектеді деген кәсіпкерлер жанайқайын жеткізіпті. Соттасыпты да. Осындай келеңсіздіктердің кесірінен мемлекеттік сатып алудың уақыты тым созылып кеткен. Сырқаттарға қажетті дәрі-дәрмектер де, ішетін тамақтары да осы мемлекеттік тапсырыс арқылы қамтамасыз етіледі. Сонда мұның зардабы кімге тиеді? Әрине, қарапайым халыққа, басы ауырып, балтыры сыздаған сырқаттарға.

 Жасыратыны жоқ, білім мен денсаулық сақтау саласына қатысты нысандардың құрылысын жүргізу барысында кездескен кемшіліктер шаш-етектен екені ащы ақиқат. 2010 жылды облысымыз «Денсаулық жылы» деп атап, осы салаға аса көп маңыз берді. Шамамен 54-56 нысан салынды. Әр жылдарда орын алған олқылықтарға тоқталар болсақ, Мақтаралда пайдалануға берілгеніне көп бола қоймаған ФАП апатты жағдайға ұшырады. Арыс қаласындағы Дермене ауылдық дәрігерлік амбулаториясының  құрылысына жарамсыз кірпіштер пайдаланылған. Осы нысанға қатысты ұсынылған акті негізінде облыстық құрылыс басқармасы ешқандай жұмыс жүргізбеген. Рас, бұл басқарма тарапынан жұмыс сапасының жақсарғаны туралы жауап хат келді, бірақ, бұл қағаз жүзінде ғана. Іс жүзінде өзгерген ештеңе жоқ. Ордабасы ауданы  Шұбар ауылындағы, Түлкібас ауданы  Т.Рысқұлов елді мекеніндегі мектептердің сапасы төмен. Қабырғалары жарылып тұр.  

   --Тендерді облыстық басқармалар өткізіп, ал жұмыстың сапалы орындалу жауапкершілігін аудандық, қалалық әкімдіктегілерден сұрау қаншалықты дұрыс? 

--Иә,  құрылысқа қатысты тендерді облыстық басқармалар өткізеді, ал  қаржыны дұрыс игеру, құрылыс сапасын қадағалау аудан, қала  әкімдігіне немесе құрылыс бөліміне жүктеледі. Мұны дұрыс жүйе деп есептемеймін. Әрине, әкімдіктегілер де сол аудан, қаланың басшылық тізгінін ұстап отырған соң жауапкершілікті түсінгені жөн. Дегенмен, орыс халықының  «кім ақша төлесе, сол әуенге тапсырыс береді» деген мақал барын ұмытпайық. Яғни кім тапсырыс берсе, сол мекеменің өзі құрылыс барысын жіті бақылауға алуы тиіс. Әйтпесе, кім білсін, тендер ұтқан мердігерлердің арасында бұл өңірде тұрмайтындары да болуы мүмкін. Сонда оларды жергілікті әкімдіктегілер соңына түсіп, іздеп жүруі керек пе? Ал тендерді өткізген басқарманың бұған басы ауырмайды. Содан кейін жауапкершілік жайлы әңгіме айтудың өзі артық. Облыста отырған басқармалардың құрылыс сапасын қадағалауға мүмкіндіктері жоқ болса, тендерді өткізу құзырын да аудандық, қалық  әкімдіктерге өткізсін. Сонда өздері жеңімпаз деп тапқан мердігердің жұмысын өздері қатаң бақылауға алатын болады. Бұлай етуге заң талаптары шектеу қоймайды. 

Мұрағаттан: 13.09.2012

Еркін Сатқанбаев: «Ақиқат пікірталастан туады »
Кентау әкімі бақтың қадірін біле ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу