Еңбегі сіңген ит бағушы

Oinet.kz 01-04-2021 1368

Онсыз да атақ-даңқ, марапаттардан кенде емес Түркіменстанда тағы бір атақ пайда болды. Бұл атақ «еңбегі сіңген ит бағушы» деп аталады. Елдің Парламенті осы жөнінде арнайы заң қабылдады. Бұл атақтың  түркімендік алабай төбетіне қатты құмартушы президент Ғұрбанғұлы Бердымұхамедовтің бастамасымен жасалғанына ешқандай күмән жоқ. Атақтың алғашқы иесі де президенттің өзі болып шығуы да әбден мүмкін. 

Гурбангулит бағушы.jpg

«Еңбегі сіңген ит бағушыға» атақпен бірге арнайы төсбелгі табыс етіледі. Төсбелгінің жобасын президенттің өзі қарап шығып, бекіткен көрінеді. Сонымен бірге Түркіменстанда «Жылдың ең өжет алабайы» деп аталатын медальдің  жобасы да президенттің қарауына ұсынылған. Бұл медаль жуырда алғаш рет ұйымдастырылатын түркімен алабайларының байқауында жеңіске жеткен төбетке табыс етіледі.  

Түркіменстанның ақпарат құралдары ел президенті Ғұрбанғұлы Бердымқұхамедовті алабай төбетінің қамқоршысы ретінде насихаттаудан жалықпайды. Алабай төбеті туралы президент кітаптан бөлек  өлең және ән жазған. Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Бердымұхамедовтің «Түркімен алабайы» деп аталатын кітабы жалпы түркімен ұлтының тағдыры мен өміріне қатты әсер еткен. 10 қарашада Ашхабадта алабай төбетіне алтын жалатылған ескерткіш қойылды. Бердымұхамедовтің ұлы әрі мұрагері Сердар Түркімен алабайы қауымдастығына жетекшілік етеді. 

Сапарбаев тағы сырттан кадр шақырды
Шымкенттің экс-әкімі "Қазақстан темір жолының" басшысы болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу