Жерді сатуды қолдаған Рахым Ошақбаев кім?

Oinet.kz 24-04-2021 5898

Бүгін жер реформасы жөніндегі комиссияның кезекті отырысы болды. Бұл жолғы талқылаудың нәтижесі – жерді сату мен жекенменшікке беруге 5 жыл мораторий жарияланатын болып, комиссия мүшелері осындай тоқтамға келген. Бұл туралы жер реформасы жөніндегі комиссия мүшесі, жазушы «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат Facebook парақшасында жазды.

201124142518837e.jpg

«Жер комиссиясының бүгінгі отырысында жерді сату, жерді жекеменшікке беру деген мәселеге комиссия мүшелері дерлік қарсы шықты. Жерді сату мен жерді жекменшікке беруді жақтағандар да болды. Мысалы Алмасбек Садырбаев «жерді жекеменшікке беру» керек десе, Рахим Ошакбаев сияқтылар «сату керек» деп шықты. Ауылшаруашылығының министрінен бастап ведмоство өкілдері де жерді сатуды жақтап сөйледі. Өздерінше дәлелдер келтірген болды. Бұл негізі Үкіметтің жерге қатысты позициясын білдірсе керек. Алайда, комиссия мүшелері жер сатқыштарға қарсы тойтарыс беріп отырдық. Әсіресе, Дос Көшім ағамыз жақсы сөйледі. Сонымен жерді сату мен жекеменшікке беруге Жер комиссиясы тарапынан 5 жылға мораторий жарияланды» деп жазды ол.

Сонда жерді сатуды қолдаған Рахым Ошақбаев кім? 

Рахым Ошақбаев 1976 жылы 30 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

1999 жылы М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Экономика факультетін тәмамдаған.

2001 жылы өз еңбек жолын «ҚазАгроФинанс» АҚ бастады. 2002 жылдың шілдесінде Басқару төрағасы болып тағайындалады. Бұрындары- бас есепші, атқарушы директор, несиелік-лизингтік жүйе бойынша Басқару төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2003 жылдың қазанынан бастап ДБ қаржылық корпорациясы Қазақстандағы несиелік-лизингтік жүйенің дамуы бойынша жетекші.

2004 жылдың қаңтарынан бастап 2008 жылға дейін-жеке меншік компанияның бас директоры, кәсіпкер.

2009 жыл мамыр-2011 – «Экономикалық саясаттың сараптау орталығы» ЖШС бас директоры.

2011 жылдың мамырынан – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ ақпараттық-сараптау қорының директоры.

2012 жылдың ақпанынан бастап «Атамекен Кеңесі» Басқару Төрағасының бірінші орынбасары.

2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «ҚР кәсіпкерлер ұлттық палатасының» мүшесі.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министрі болып та қызмет істеді. (08.2015-19.03.2016);

«Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры (2016 жылдан);

Рахым Ошақбаев экономиканы дамытуға байланысты көптеген идеялар айтумен көзге түскен. Өткен жылы 27 сәуірде ол:

«Карантиннен кейін бізді экономикалық тығырықтан алып шығатын салалардың бірі – ауыл шаруашылығы. Алайда бюрократиялық процедураларға байланысты қаржыландыруға қатысты шешімдер кешеуілдеп қалды. Бұл бағытта жұмысты барынша жеделдету керек», - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының фейсбук-парақшасында онлайн режимде сөйлеген сөзінде.

«Банк бәріне, әсіресе шағын және ұсақ бизнес өкілдеріне уақытында ақшаны жеткізе алмайды. Сол себепті бұл ретте мүлде жаңа амал-әдіс керек. Қазіргі дағдарыстың теңдессіз сипаты бар. Тіпті бәлкім, қазір елде Агробанк ашуға дейінгі қадамдарға барған жөн болар. Несие беретін ауыл шаруашылығы саласындағы ұйымдардың бәрін бір қаржы ұйымына біріктіріп, сол арқылы кәсіпкерлерді төмен пайыздық несиемен қолдаған жөн. Кепілдік қалдыру тәртібінен кетіп, нақты бизнес-жоспарларға қаражат аудару керек», - деді ол.

Сол жиында Рахым Ошақбаев бұл тұрғыда Қытайдың тәжірибесін мысалға келтірді. Оның айтуынша ондағы фермерлерге берілуі тиіс қаражат қолжетімді болған.

«Ол жақта өте төмен пайызбен, кепілсіз әртүрлі саланы, оның ішінде ауыл шаруашылығын несиемен қолдаған мемлекеттік банктер болды. Менің ойымша бізге де дәл қазір осы тәжірибе керек», - деген болатын Рахым Ошақбаев.

Ауыл шаруашылығы министрі жерді сату керектігін айтты
Жерді сатуды қолдаған министр Сапархан Омаров туралы не білеміз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу