Кәрістер аштан қырылуы мүмкін

Oinet.kz 25-06-2021 3259

Солтүстік Кореяның жетекшісі Ким Чен Ын елде ашаршылық болу мүмкін екендігін ескертті. 

Screenshot_7.jpg

Ким Чен Ын елді ашаршылыққа алып келуі мүмкін бірнеше себептерді атады. Оның негізгісі егілген өнімнің нашар шығуы және  коронавирус пандемиясының салдары. Осыған байланысты ел басшысы жұртшылықа ашаршылыққа барынша дайын болу қажеттігін ескертті. 

1995-1999 жылдар аралығындағы экономикалық күйзелістердің нәтижесінде Солтүстік Кореяда жаппай жоқшылық, ашаршылық болған. Ашаршылық 3 миллионға дейінгі адамның өмірін жалмады деген мәліметтер кездеседі. Сарапшылардың пікірінше, ашаршылықтың туындауына  халықаралық импорттардың қысқаруы, елдегі саяси жағдай, егістіктің нашар шығуы, құрғашылық пен су тасқыны сияқты климаттық жағдайлар әсер еткен. Солтүстік Кореяның билігі ашаршылықты мойындағанымен мұндай жағдайға экономикалық санкциялардың себеп болды деп есептейді. 

Қырғыздар: «Судың бәрін қазақ пен өзбек алып жатыр»
Билік Әлтаевтың партиясын тіркемей жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу