Қарашүкеевтің қарымы қыста белгілі болады

Oinet.kz 13-08-2021 1403

Ұлттық мал шаруашылығы қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың ақпарат құралдарында жарияланған пікіріне қарағанда, «пессимистік сценарий» бойынша жем-шөптің тапшылығынан Қазақстанда 3 миллион мал шығынға ұшырауы мүмкін. Алайда Ауыл шаруашылығы министрлігі мұнымен келіспейді. 

Screenshot_18.jpg

Министрліктің осыған қатысты таратқан мәліметіне қарағанда, бүгінгі күні  республика бойынша 16,1 миллион тонна ірі азық дайындалды, бұл жоспарланған жылдық көлемнің 68 пайызын құрайды. Жағдай Үкіметтің тұрақты бақылауында.

-Ведомствоаралық комиссия ағымдағы жылғы 15 тамыздан бастап республикадан ірі азықты әкетуге және жемдік астық экспортына квота беруді уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім қабылдады. Жемдік астық экспортына квоталар көлемін айқындау кезінде министрлік бірінші кезекте, отандық малшылардың мұқтаждықтары үшін жемдік астықтың жеткілікті көлемінің болуын негізге алатын болады. Сондай-ақ, шөп дайындау қарқынын күшейту үшін өңірлерге қосымша 43,2 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, шөп шабу үшін табиғи резерваттардан 211 мың гектардан астам жер бөлінді. «Азық-түлік корпорациясы»  форвардтық сатып алу шеңберінде жаңа өнімнен 4-5 сыныпты бидай мен арпаның 170 мың тоннасын сатып алынатын болады. Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы азықпен қамтамасыз етілу жағдайы бақылауда. Осы облыстарда ірі азықты дайындау көлемі орташа республикалық деңгейден жоғары. Бүгінгі күні Жамбыл облысында – жылдық ірі азық көлемінің 94 пайызы, Түркістан облысында – 84 пайызы және Алматы облысында – 74 пайызы дайындалды. Жекелеген «сарапшылар» болжағандай азық тапшылығына байланысты 3 миллион мал басының өлімі шындыққа сәйкес келмейді және ешқандай негіздер жоқ,-делінген Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлеметте.

Қазір Түркістан облысында жоңышқаның бір прессі 1400-1500 теңгенің көлемінде сатылып жатыр. Кейбір шаруалар жоңышқаның үшінші орымына кірісті.  Осыдан кейін шөптің құны біраз арзандауы мүмкін деген үміт бар. Жемнің бағасы да қымбат. Былтыр тоннасы 70-75 мың теңгеден саудаланған кебек биыл 96 мың теңгеге шықты. Былтыр жемдік бидайдың тоннасы 80-100 мың теңгенің шамасында болып еді, қазір 130 мың теңгеге жетіп қалды. 

Жем-шөптің қымбаттығы ет бағасына да әсер етті. Ауыл халқы етті негізінен мал бордақылаушылардан алады. Былтыр жылқының еті -2000, сиыр еті-1800 теңгеде болса, биылғы баға жылқыға -2400, сиырға -2200 теңге. Соңғы апталарда Шымкенттің базарындағы еттің бағасы да әжептәуір өсті. Мұнда жылқы еті-2900-3000 теңге, ал қара малдың еті -2400 теңгеден сатылуда. 

Ертең қысқа қарай жағдайдың қалай болатыны бір Аллаға ғана белгілі. Ауыл шаруашылығы вице-министрі һәм министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашүкеевтің қарым-қабілетінің неге жететіні  қысқа қарай белгілі болмақ.

30 жылда екі миллионға ғана көбейдік
«Қарға деген бәле». Ауыл әкімі жұмысына қарға кедергі жасап жатқанын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу