Ауыр науқасқа шалдыққан Алина Батурова ақыры пeрзентін көрместен көз жұмды

Oinet.kz 29-10-2021 3972

Қатерлі ісікке шалдыққан Алина Батурова 28 қазанда көз жұмды. Бұл туралы Алинаға көмектескен "Өмір үшін біргеміз" онкологиялық науқастарға арналған ұйымның өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kloop.kg порталы. 

news_full1635426688d755829aef0902ad58be90ca098b0428.jpg

"Ол күтіп-күтіп әбден шаршады. Ақыры ортамыздан кетті. Кешірші жаным, біз саған көмектесе алмадық", - деп жазды ұйым мүшелері. 

Қырғызстандық Алина Батурова ауыр онкологиялық ауруға шалдыққан, паллиативтік ем қабылдап, әр төрт сағат сайын морфин қабылдаған. 24 қазанда желіде оның үндеуі таралды. Онда 32 жастағы әйелдің IV сатыдағы сүт безінің карциномасы, ми, бауыр және өкпеде кең метастаздар бар екендігі айтылды.

Сонымен қатар, үндеуде Батурова өзінің соңғы тілегі – бір жылдан астам уақыт көрмеген қызын көру еді.

"Оның жұбайы Қордай ауылында (Қазақстан) тұрады. Қызымен кездесуге мүмкіндік бермей қойған. Тіпті, науқас жұбайына барып, көмектеспеген. Осы жылдар ішінде әйел Бішкекте ата-анасының қолдауы арқылы қатерлі ісікпен өз бетінше күрескен. Қазір Алинаға аз ғана уақыты қалды. Ол қызын көріп, құшақтағысы келеді", — делінген хатта.

Батурова өкілдерінің айтуынша, әйелдің жұбайын қызын ең болмағанда бір күн анасының жанында қалдыруға жасаған әрекеттерінің бәрі нәтижесіз болды.

"Ол ауыр халдегі жұбайын керексіз болып қалғаннан кейін көргісі келмеді. Онымен ортақ ештеңесі болғанын қаламады. Онкологиялық орталықтың кураторы бірнеше рет жұбайына жеке барып өтінді. Алайда азамат түрлі боғауыз сөздерін айтып, бас тартқан. Тіпті әйелінің өлгенін қалайтынын ашық жеткізген. Оның анасымен келіссөздер жүргізудің өзі еш нәтиже бермеді", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Батурованың өкілдері ер адамның туыстарына жүгінген. Олар науқас әйелдің соңғы тілегін орындауға көмектеседі деп ойлаған. 

Шу шығарған Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды
Қасым Аманжол: «Тасмағамбетовте таңдау болды» (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу