Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады

Oinet.kz 11-01-2022 894

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін мәжілістың жалпы отырысында Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Оны мәжіліс депутаттары бірауыздан қолдады. Отырысқа қатысқан 89 депутаттың ешқайсысы қарсылық танытпады. Нәтижесінде Әлихан Смайылов премьер-министр болып тағайындалды. 

Screenshot_8.jpg

Еске салайық, бұған дейін Әлихан Смайылов премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалған еді.  

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2015 жылдан бері Мемлекет басшысының көмекшісі қызметін атқарған болатын. Оған дейін 2009-2014 жылдар аралығында Қазақстан Статистика агенттігінің төрағасы болды. Осы күнге дейін екі рет қаржы министрінің орынбасары болып тағайындалды. Ал 2019 жылы Үкімет отставкаға кеткенге дейін қаржы министрі болды. 2019 жылы 25 ақпаннан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі қызметіне мақұлданды.

Тоқаев Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды
Жансейіт Түймебаевтың ұлы қалай қайтыс болғаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу