Су жаңа министрлер халыққа қызмет етеміз деп ант беріп жатыр

Oinet.kz 12-01-2022 1037

Жаңа Үкімет құрамындағы су жаңа министрлер ант берді. Дәл қазір Үкіметте жаңа құрамның алғашқы отырысы өтіп жатыр.

Screenshot_10.jpg

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Ұлттық экономика министрі Әділет Қуантыров, Энергетика министрі Болат Ақшолақов ант берді.

«Қазақстан Республикасы халқы мен президентіне алдында, өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуына барлық күш жігерімді жұмсауға, мемлекет конституциясын қатаң сақтауға, Қазақстан халқына қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттігі мен дүниежүзілік қоғам алдында нығайта беруге салтанатты ант етемін», - деді министрлер.

«Жоғалып кеткен» Дариға Назарбаева табылды
«BI-Group» басшысы LRT-ні не үшін бұзу керектігін тәптіштеп түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу